Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы
Директор

2019 жылдың ақпан айынан бастап колледж директоры қызметін атқарып келеді. 2016 жылы Білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталды. 2018 жылы Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Сырлыбаев Жолдасбек Турысбекұлы
Директордың шаруашылық  ісі  жөніндегі  орынбасары

Мен Сырлыбаев Жолдасбек Турысбекұлы Сарыағаш ауданы Келес Совхозы Мақташы ауылында 1962 жылы 2-наурыз күні дүниеге келдім. 1969 жылы Мақташы мектебіне бірінші сыныпқа қабылдандым. 1979 жылы мектепті бітірдім. 1980 жылы мамыр айында армияға кеттім. Москва облысы Калининград қаласында қызмет еттім. 1982 жылы мамыр айында бітіріп келдім.1982 жылы ДОСАФ-та алты ай жүргізушілікті оқыдым. 1983 жылы Мақташы бөлімшесінде завхоз болып қызметті бастадым. 1996 жылы жұмыстан қысқартылып, 1996 жылы қыркүйек айынан туб диспансер емханасына завхоз болып қабылдандым. 1998 жылы штаттар қысқартылуына байланысты босадым. 1998 жылдан Келес совхозы Мақташы бөлімшесіне жолгер болып қабылдандым. 2000 жылы Мақтарал ауданындағы А/О Ақ-алтын  заводына қабылдандым. Мақта қабылдайтын товаровед болып жұмыс істедім. 2003 жылы ол жұмыстан босап,  Келес совхозына мақта бригадир болып істедім. 1983 жылы қыркүйек айында үйленгенмін. Екі ұл, екі қызым бар.

 

Шынаев  Нуржигит  Нурмагамбетович
Директордың тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары

Мен  Шынаев  Нуржигит  Нұрмағамбетович 1979  жылы  21-ші  тамызда  Оңтүстік  Қазақстан  обылысы, Келес  ауданы, Ғани  Мұратбаев  савхозында  дүниеге  келдім. 1985 жылы  «Ғани Мұратбаев»  атындағы  орта  мектебіне  1-ші  сыныпқа  оқуға бардым. 1996  жылы  жоғарыда  аталған  мектепті  бітіріп,  Өзбекстан  Республикасының  Ангрен  қаласындағы  М.Қашқари  атындағы  Мемлекеттік  педагогикалық  институттың  филология  факультетіне  оқуға  түсіп,2002 жылы  бітіріп  шықтым. 2002  жылдың  қыркүйек  айынан  бастап  №13 кәсіптік  лицейдің  «Қазақ  тілі  және  әдебиеті»  пәнінің  оқытушысы  болып  қызмет  атқарып  келемін.

 

Ержан Нурманұлы Турсунбаев
Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

Мен Турсунбаев Ержан Нурманұлы 1974 жылы 22 қазанда Оңтүстік  Қазақстан обылысы Сарыағаш  ауданы  бұрынғы  Келес  ауданы Абай  ауылында  дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. 1981-1991 жылы Абай  ауылының „ Ленин жолы”  орта  мектебін бітіріп шықтым. 1991-1996 ж.ж. Ө.Ә.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің  „Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы”  мамандығы бойынша „инжинер - механик” біліктілігін  м еңгеріп, жоғарғы оқу  орнын аяқтадым. 2000 жылдың 31 қазанында Т.Рысқұлов көшесі №105 үй №13 Кәсіптік техникалық мектебіне шебер  етіп қабылданып, 2002 жылдың 02 қыркүйегінде  арнайы пән оқтушысы етіп ауыстырылдым. 2007 жылдың 07 мамыр  айында аға шебер  қызметіне ауыстырылдым. 2016жыл 01 қыркүйекте  оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары  болып  ауыстырылдым.

 

Дүйсенова Бибиажар Батыровна
Директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Мен Дүйсенова Бибиажар Батыровна 1964 жылы 26 қаңтарда дүниеге  келдім. 1971 жылы Қызыл Әскер  атындағы орта  мектебінің  1-ші  сыныбына оқуға  бардым  1981  жылы орта  мектепті  бітіріп,  қазіргі №13 колледж(бұрынғы  №186-шы  Келес  кәсіптік-техникалық  учелищесінің  трокторист-машинист  мамандығы  бойынша  оқыдым.  1982-ші  жылдың  1-ші  қарашасынан   №186-шы  кәсіптік-техникалық  учелищесіне   тәрбиеші  болып  жұмысқа  кірдім. 1987  жылы  Ташкентте  Низами атындағы  педагоикалық  институттың  өзбек-қазақ  фиология факультетіне  оқуға  түстім. 1993 жылы  оқуды  бітіріп  №35  кәсіптік  техникалық  учелищесіне  тәрбиеші  болып  жұмысқа  кірдім.  1994  жылдан  бастап  қазақ-тілі  және  әдебиеті  пәнінің  оқытушысы  болып  ауыстым. 2001 жылдан  №13 колледжге  әдіскер  болып  тағайындалдым.

 

Сакен Есбердіұлы Оразимбетов
Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары

Оразимбетов Сакен Есбердиевич 1980 жылы 26 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Абай ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. 1986 жылы №75 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектептің 1-сыныбына оқуға бардым. 1995 жылы №75 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің 9-шы сыныбын тәмамдап, №35 кәсіптік техникалық училищесіне «ауылшаруашылық есепшісі» мамандығы бойынша І-ші курсқа оқуға түстім. 1998 жылы №13 кәсіптік техникалық мектепті қызыл дипломға бітіріп, Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті «физика – математика» факультетіне оқуға түстім. 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітіріп «физика қосымша шет тілі» біліктілігі дипломын алдым. 2003 жылы тамыз айында Сарыағаш ауданы, Абай ауылында өзім білім алған оқу орны №13 кәсіптік мектепке өндірістік оқыту шебері болып жұмысқа тұрдым. 2008 жылы өндірістік оқыту шеберілігінен ағылшын тілі пәнінің оқытушысы қызметіне ауыстым. 2014-2016 жылдары Шымкент қаласы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білімімді толықтырдым. 2018 жылы Жастар істері жөніндегі инспектор лауазымына тағайындалып, жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға, салауатты өмір салтын сақтауға үндеп жұмыс атқардым. Осы жылы директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымына ауыстым. Қазіргі таңда директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін. Ақпараттық технологияларды дамытуға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, колледжіміздің көркейіп-гүлденуіне және білікті жас мамандарды тәрбиелеп жетілдіруге өз үлесімді қосып жүрмін.

 

Сапаров  Жайнарбек  Уразкулович
Аға  шебер

Мен, Сапаров  Жайнарбек  Уразкулович  1970  жылы  03  маусым  күні  Өзбекстан  Республикасы  Ташкент  обылысы Шыназ ауданы Көтерме  ауылында дүниеге  келдім. Ұлтым  қазақ. 1977 жылы №4 Амангелді  Иманов  атындағы  орта  мектептің  1-ші  сыныбына  оқуға  бардым. 1987 жылы №4 А.Иманов атындағы  орта  мектептің  10-шы сыныбын  тәмамдадым,  орта  ПТУ-2г. Камышина, Волгограоской  области,. О, токор  мамандығы  бойынша  оқуға  түстім. 1988 жылы  бітіріп  03 маусым  күні  әскерге кеттім.  Отандық  борышымды   Астраханская обылысында  өтедім. 1990  жылы  маусым  айында  борышымды  өтеп  келдім. 1990  жылы  Гулистон  мемлекеттік  университетіне  ОТД-еңбек  мамандығы бойынша  оқуға  түстім.  1995  жылы  жалпы  техника  пәндері  оқытушысы  квалификациясы  берілді. 1995 жыл  №4 А.Иманов  орта  мектебіне  еңбек  пәнінің  мұғалімі  болып  қабылдандым. 2003  жылы  О.Қ.О. Сарыағаш  ауданындағы  №13  кәсіптік  мектепке  шебер  болып  қабылдандым. 2005  жылы  осы  мекемеде  жатақхана  тәрбиешісі  болып  жұмысқа  ауыстым.  2007  жылы  арнайы  пән  мұғалімі  болып  жұмысқа  ауыстым.  2016  жылдан  бастап  аға  шебер  міндетін  атқарып  келемін.

Колледж тарихы

1961 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы совхозының «Көгерту» елді-мекенінде №186 кәсіптік техникалық училищесі болып ашылған.


Толығырақ