№13 колледж кітапханасы оқу удерісін дамыту және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға баса назар аударады, бұл орайда кітапхананың орны ерекше. Осыған орай колледж кітапханасы жаңаша талаптарға жауап бере алатын және студенттердің тең білім алуына ықпал ететін әдебиеттермен жабдықталған. Колледж студенттері эстетикалық және мәдени құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететін кітаптармен өз бетінше жұмыс жасау мүмкіндіктеріне ие.

 

Кітапхана ережесі:

  1. Кітапхана оқу және ғылыми процесті әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін жоғары кәсіптік білім беру ұйымының жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясының Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының Жарғысын, кітапхана ісі туралы құжаттармен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқа да нормативтік актілерін және осы ережені басшылыққа алады.
  3. Жоғары кәсіптік білім беру ұйымы кітапханасына жалпы әдістемелік басшылықты ведомствалық бағынымтылығына қарамастан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық кітапхана-ақпарат комиссиясы мен облыстық әдістеме орталығы – кітапхана жүзеге асырады.   (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бұйрығымен бекітілді 17.08.2000ж №827)

 

№13 колледж кітапхана қоры жөнінде 2019-2020 оқу жылына мәлімет

Оқулықтардың түрлері

Барлығы

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

1

Көркем әдебиет

2732

1610

1122

 

2

Мектеп бағдарламасы

9850

8844

756

250

3

Арнайы пән оқулықтары

6364

2930

3416

 

4

Әдістемелік әдебиеттер

3091

2078

1013

 

 

                Барлығы

22019

15362

6306

250

Жалпы кітап қоры:  22019 дана
Фотосуреттер  саны –  4
Кітапхананың жұмыс уақыты – 9.00 – 17.00
Кітапхана байланыс телефоны  - 8 725 32 3-01-16
Кітапхана 4 қабатты колледж ғимаратының 1 қабатында орналасқан.
Кітапхана типтік стандартқа сай салынған.
Оқу залы-1,
Абономент -1,
Кітап қоймасы – 1. 
Жалпы аудыны - 200 кв.м.

 

Кітапханашылар:

Кітапхана меңгерушісі – 1. Турдалина Қалия Анваровна

Кітапханашы – 1.  Тажибаева Алия Аманалиевна

Колледж тарихы

1961 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы совхозының «Көгерту» елді-мекенінде №186 кәсіптік техникалық училищесі болып ашылған.


Толығырақ